Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Мұның соңы жақсы болмайды»: Артем Резников ресейлік файтерге жауап берді

20.05.2024, 11:07

Екеуі желтоқсан айында төбелескен болатын

«Мұның соңы жақсы болмайды»: Артем Резников ресейлік файтерге жауап берді
ACA

АСА лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Артем Резников «РБ Спорт» тілшісіне берген сұхбатында ресейлік MMA шебері Али Баговпен болған жанжал туралы айтып берді.

Айта кетейік, 28 маусымда қос спортшы бір турнирде, бірақ басқа қарсыластармен төбелеседі.

– Сенің Баговпен арадағы жанжалың қайта өршіп жатыр. Бірінші жағдайда Тайландтағы оқу-жаттығу жиынында ерегістіңдер. Жарайды, ол жағдайға түсіністікпен қарауға болады. Ал, екінші рет не үшін жанжалдасып жатырсыңдар?

– Шын айтсам, мен өзім түсінбей тұрмын. Ешкім түсінбейді. Ол не үшін менің жазбамның астына «сені ұстап алам» деп пікір қалдырды? Мен оған не істедім? Үндемей қала алмайм ғой, ол жазды – мен жауап бердім. Әлде мені қорқытқысы келді ме? Егер солай ойласа, ол қателеседі. Мені біржақты қыламын депті. Егер солай ойласа, мұның соңы жақсы аяқталмайды.

– Егер Баговпен Сочиде кездесіп қалсаң, оған не айтасың?

– Менің оған айтарым жоқ. Егер өзі келіп: «Мен қателестім, артық сөз айтып қойдым» десе, мен де оған: «Жарайды Али, менікі де дұрыс болмады» деп қолымды берем. Ал, егер: «Ей, саған не болды» деп келсе, дәл сол жерде төбелесемін. Бәрі де оның өзіне байланысты.

– Бұл екеуара болатын жекпе-жектің жарнамасы сияқты емес пе? Әлде расымен де өзара ерегіс пе?

– Мен реваншты жарнамалап жатқаным жоқ. Али Гран-приде төбелеседі, мен Коковпен кездесем. Ол реванш өткізгісі келсе әдейі жеңіліп, сосын маған келуі керек. Маған реванш керек, ол бас тартты.

Айта кетейік, қос файтер былтыр желтоқсан айында АСА лигасында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде Багов Резниковты айқын басымдықпен жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам