Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Дональд Трамп Хабиб Нурмагомедовке соғысты тоқтатуға уәде берді

03.06.2024, 12:42

Дәл қазіргі уақытта Ресей Украинада соғыс жүргізсе, Израиль Палестинаны атқылап жатыр

Дональд Трамп Хабиб Нурмагомедовке соғысты тоқтатуға уәде берді
Instagram

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC-дің экс-чемпионы – дағыстандық Хабиб Нурмагомедовпен кездесуі барысында соғысты тоқтатуға уәде берген. Бұл туралы Championat.com сайты жазды.

Бірақ, Трамп Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын емес, Израильдің Палестинаны атқылауын тоқтатамын деген көрінеді.

Айта кетейік, Трамп пен Нурмагомедов Ньюарк (АҚШ) қаласында өткен UFC 302 турнирінде кездескен. Хабиб ол турнирде өз жерлесі Ислам Махачевке секундант болған еді.

– Мен сіздің Палестинадағы соғысты тоқтата алатыныңызды білем.

– Біз оны тоқтатамыз. Мен тоқтатамын, - деп жауап берді Трамп спортшының өтінішіне.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов спорттағы мансабын 2020 жылы аяқтады. Ол UFC лигасында бірде-бір рет жеңілмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам