Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

UFC Шавкат Рахмонов пен Камару Усманды төбелестірмек болған

10.06.2024, 11:09

Алайда, нигериялық файтердің менеджері бұл жекпе-жектің өтуіне кедергі келтірген

UFC Шавкат Рахмонов пен Камару Усманды төбелестірмек болған
Tengri Sport

UFC президенті Дана Уайт пен вице-президенті Шон Шэлби UFC-дің бұрынғы ең үздік файтері, орта салмақтағы экс-чемпион нигериялық Камару Усман мен қазақ Шавкат Рахмонов арасында жекпе-жек ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы «Империя UFC» сериалының бірінші эпизодында айтылды.

Усман мен Рахмонов арасындағы жекпе-жек биыл 3 тамызда Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 7 турнирінің кардында өтуі тиіс болған. Алайда, нигериялық файтердің менеджері Әли Әбдел-Азиз Усманның тек Стивен Томпсонмен ғана төбелескісі келетінін айтқан.

Уайттың айтуынша, Усман мен Рахмонов жекпе-жек өткізген жағдайда, оның жеңімпазы UFC чемпионы титулына міндетті кандидат болатын еді.

Еске салайық, Рахмонов соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда UFC 296 турнирінің аясында екінші раундта Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Камару Усман болса былтыр қазанда Хамзат Чимаевтан жеңіліп қалды. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам