Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Шавкат Рахмонов кіммен төбелескісі келетінін айтты

09.06.2024, 21:19

Қазіргі таңда «NOMAD» жартылай орта салмақта UFC рейтингінде үшінші орында тұр

Шавкат Рахмонов кіммен төбелескісі келетінін айтты
Getty Images

Аралас жекпе-жекте мүлдем жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) келесі қарсыласы туралы пікірін айтты.

Шавкат биыл кездеседі деген аустралиялық Джек Маддалена (17-2) жарақат алып қалғандықтан менеджерлер қазір отандасымызға басқа қарсылас іздеп жатыр. Қазақ жауынгері болса октагонға кіммен шыққысы келетінін айтты.

«Маддалена жарақт алды, Усман мен Колби бас тартып жүр. Сондықтан Леон мен Белал арасында қай жеңгенімен кездесуге дайынмын», - деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Леон Эдвардс пен Белал Мухаммед 27 шілде күні Манчестерде өтетін UFC 304 турнирінде өзара кім мықтыны анықтайды.

Рахмонов UFC-де қатарынан алты рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Соңғы рет ол 2023 жылы желтоқсанда UFC 296 турнирінің аясында екінші раундта Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңді.

Қазіргі таңда «NOMAD» жартылай орта салмақта UFC рейтингінде үшінші орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам