Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

16.06.2024, 09:47

Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді

Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
UFC

Отандасымыз АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында жекпе-жекке шықты. Ол америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Алмабаев төрешілердің шешімімен басым түсті. 

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал Хосе Джонсон осымен 9 рет жеңілді. Спортшылардың UFC-дегі жетістіктеріне келетін болсақ, Алмабаевта 3-0, Джонсонда – 1-2.

Бұған дейін Алмабаев наурызда тағы бір америкалық спортшы Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығып, төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Одан кейін жерлесіміз рейтингте төртінші  тұрған спортшыны жекпе-жекке шақырды.

Ол жаңа зеландиялық Кай Кара-Франс болып шықты.

«Мен үздік 15 немесе 10-ның қатарындағы файтер емеспін. Мен үздік бестікке жатамын»,- деді Асу Алмабаев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам