Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Нурмагомедов екінші азаматтық алу туралы ұсынысқа жауап берді

08.07.2024, 13:21

Атақты ресейлік файтер басқа елдің азаматы болуға дайын

Нурмагомедов екінші азаматтық алу туралы ұсынысқа жауап берді
mma.metaratings.ru

Жеңіл салмақта UFC рейтингінде оныншы орында тұрған, ешкімнен жеңілмеген Умар Нурмагомедов (17-0) екінші азаматтық алу туралы сұраққа жауап берді. Спортшы әзірге екінші төлқұжаты жоқ екенін, алайда алуға қарсы емес екенін жасырмады.

Менің басқа азаматтығым жоқ, бірақ барлық мемлекеттермен визасыз режимі бар елдің паспортын алғым келеді, немесе бізде барлығымен визасыз режим орнаса деген тілегім бар, - дейді Умар Нурмагомедов  Руслан Шариповқа берген сұхбатында.

Хабиб Нурмагомедовтың інісі UFC тарихында бес жекпе-жек өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті. Ол соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Бекзат Алмаханды жеңді.

Тамыз айының басында 28 жастағы Нурмагомедов Абу-Дабидегі (БАӘ) турнирде бақ сынайды. Онда ол рейтингте екінші тұрған американдық Кори Сандхагенмен (17-4) кездеседі. Көпшіліктің пікірінше, Умар Кориді жеңсе, титулға ие болады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам