Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

АҚШ-та далада қалған қазақстандық файтер осы аптада жекпе-жек өткізеді

11.07.2024, 10:34

Оны өзінің танысы жезөкшелікке өткізіп жібермекші болған

АҚШ-та далада қалған қазақстандық файтер осы аптада жекпе-жек өткізеді
instagram.com/mma.mashka/

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-4) Астана уақытымен 14 шілде күні таңертең кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы спортшы қыздың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Еске салайық, осыдан бірер ай бұрын Агапова өзінің далада үй-күйсіз қалғанын айтып, көпшіліктен көмек сұраған болатын. Енді Павлодар тумасы жекпе-жекке шығып, қажетті ақшасын маңдай термен таппақшы.

Қазақстандық файтердің қарсыласы – бразилиялық Луана Сантос. Агапова бәске тігілген ақшаның бәрін алуға бекініп отыр. «Ақшаның бәрін жиып алып кетейік» деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Ал, UFC кешінің басты жекпе-жегі америкалық Роуз Намаюнас пен Трейси Кортездің арасында өтеді.

Мария Агапова соңғы рет октагонға 2022 жылдың қыркүйегінде шығып, канадалық Джиллиан Робертсоннан жеңіліп қалған. Жалпы, қазақстандық файтер UFC лигасында барлығы төрт жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңіске жетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам