Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Камару Усман: «Шавкат Рахмонов менің деңгейімдегі спортшы емес»

21.07.2024, 00:57

Ол соңғы үш жекпе-жегінде де жеңіліп қалған болатын

Камару Усман: «Шавкат Рахмонов менің деңгейімдегі спортшы емес»
UFC

Жартылай орта салмақта UFC лигасының бұрынғы чемпионы Камару Усман алдағы жекпе-жегінде кездесуі мүмкін төрт спортшыны атанды.

«Белал Мухаммад, Шавкат Рахмонов, Иэн Мачадо Гэрри және Джек Делла Маддалена. Міндетті түрде осылардың біреуімен кездесемін деп айта алмаймын. Бірақ басқаларына қарағанда осылармен жолығу мүмкіндігім жоғары. Өйткені бұлар жеңісті сериясын жалғастырып келе жатқан спортшылар. Әрине, осы дивизионда қалатын болсам, біреуін таңдауға тура келеді. Олардың барлығы керемет, жас әрі мықты файтерлер. Бірақ әлі менің деңгейіме жетпегенін көрсетуім керек», - дейді Камару Усман Bloody Elbow басылымына берген сұхбатында.

37 жастағы нигериялық спортшы қатарынан соңғы үш кездесуде жеңілген. 2023 жылы UFC 294 турнирінде Хамзат Чимаевқа есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам