Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қытайда туып-өскен «Қазақ жауынгері» рингке оралады

23.07.2024, 22:08

Танымал боксшы Қанат Исламның жерлесі Алматыда кезекті жекпе-жегін өткізбек

Қытайда туып-өскен «Қазақ жауынгері» рингке оралады
Prosports.kz

«Қазақ жауынгері» лақап атымен кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген Елшат Нығметолла (19-0-1, 6КО) қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Қытайда туып-өскен қандасымыз Irfin Promotions компаниясымен келісімге келген. Осылайша 21 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Елшаттың қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, қазақстандық танымал боксшы Қанат Исламның жерлесі Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр. 

30 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам