“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Асу Алмабаев қазан айында UFC-дегі келесі жекпе-жегін өткізеді

29.07.2024, 16:39

Ол жеңіске жетсе, рейтингтке біршама жоғарылайды

Асу Алмабаев қазан айында UFC-дегі келесі жекпе-жегін өткізеді
Getty Images

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-де рейтингтік жекпе-жек өткізеді. Жеңіл салмақта 15-орында тұрған отандасымыз үздік ондықты түйіндеген бразиялық Матеус Николаумен (19-4-1) шеберлік байқасады.

Бұл турнир UFC Fight Night лигасы аясында өтеді. Жекпе-жек 19 қазанда Лас-Вегаста UFC Apex, яғни көрерменсіз түсіру алаңында ұйымдастырылады.

31 жастағы оңтүстікамерикалық Николау UFC-ге алғаш рет 2015 жылы The Ultimate Fighter реалити-шоуы арқылы келді. Ол 9 жыл ішінде небәрі 10 жекпе-жек өткізіп, жетеуінде жеңді және 3 рет жеңілді. Бразилия файтері соңғы екі кездесуінде Брендон Ровал мен Алекс Перестен нокаут алған.

Әзірге Алмабаев пен Николаудың жекпе-жегі туралы әлеуметтік желідегі Sportkor паблигі мәлімдеп отыр. Бұл Naiza промоушеніне тиесілі ақпарат көзі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам