Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жасы қырыққа таяған қазақ файтері октагонға қайта оралатын болды

14.08.2024, 11:51

39 жастағы аралас жекпе-жек шебері 2021 жылдан бері жекпе-жекке шықпаған 

Жасы қырыққа таяған қазақ файтері октагонға қайта оралатын болды
prosports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері үш жылдық үзілістен соң ММА октагонына қайта оралды.

"Метис" лақап атымен танымал 39 жастағы Евгений Егембердиев (12-4) АСА 179 турнирінде өнер көрсетуді көздеп отыр. Аталған турнир 8 желтоқсанда Краснодар қаласында өтпек. Ал бұл сында оның қарсыласы ресейлік Эльхан Мусаев болады.

Қазақстан файтері 2021 жылдан бері жекпе-жекке шыққан жоқ. Ол соңғы жекпе-жегінде Мүслім Магодовке АСА титулы жолында есе жіберіп, кейін тізесіне бірнеше рет ота жасатты. Үлкен аренаға қайта оралу жолында ол Таиландтың Tiger Muay Thai залында жаттықты.

Сондай-ақ, ММА-де қазақстандық ардегер файтер, 38 жастағы Игорь Свирид (18-13) 31 тамыз күні Ақтауда жекпе-жекке шыққалы отыр. Ол дағыстандықтан Рамазан Гасановпен (11-0) шеберлік байқасып көрмек.

Аралас жекпе-жек шебері Свирид үш рет уақытынан бұрын есе жіберген. Оның мансабындағы ең шарықтау шегі 2014 жылы болған еді. Сол жылы ол АСВ Гран-приін ұтты. Кейін Сингапурдің ONE FC лигасында чемпион атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам