“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Алыптар айқасы: Усик пен Фьюри реваншы қашан өтетіні анықталды

16.08.2024, 15:32

Кездесу Сауд Арабиясында жоспарланған

Алыптар айқасы: Усик пен Фьюри реваншы қашан өтетіні анықталды
allboxing.ru

Ауыр салмақта өнер көрсететін танымал боксшылар украиналық Александр Усик пен британиялық Тайсон Фьюри арасындағы қарымта жекпе-жек 21 желтоқсанда өтеді.

Кездесу Сауд Арабиясында жоспарланған. Бұл туралы Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасының басшысы Турки әл эш-Шейх мәлімдеді.

Естеріңізде болса, екеуара алғашқы айқас 19 мамыр күні Сауд Арабиясында өткен. Абсолютті әлем чемпионы атағына талас 12 раундқа созылып, төрешілердің басым дауысымен украиналық жеңіске жетті. Сол кезде Фьюри карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам