![Конор Макгрегор төртінші рет әке атанды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/12/01/65696ca096763986568020.jpeg)
Сәби 30 қараша күні дүниеге келген
UFC-дің екі дивизионында әлем чемпионы болған шотландиялық файтер Конар Макгрегор көпбалалы әке атанды. Оның төртінші баласы дүниеге келген. Қуанышты жаңалығымен спортшы өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
Сәби 30 қараша күні дүниеге келген. Ата-анасы оның атын кім деп қойғанын жарияламады.
«Тағы бір ірі жігіт дүниеге келді. Ди, сен менің кейіпкерімсің», — деп жазды МакГрегор әлеуметтік желіде.