“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Шавкат Рахмоновтың үнсіз видеосы TikTok-та трендке айналды

30.08.2024, 14:15

Қазақстандық файтер биыл чемпиондық титулға қол жеткізе алмайтын секілді

Шавкат Рахмоновтың үнсіз видеосы TikTok-та трендке айналды
instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған видеосын миллиондаған адам көріп, мыңдағаны алаңдап пікір қалдырып жатыр.

Небәрі 7 секундтық видеода Шавкат камераға үнсіз қарап тұрады. Ал, видео фонында күңіренген музыка. 

Аз уақыттың ішінде бұл ролик кең тарап, TikTok желісінде 277 мың лайк басылған. Сонымен қатар 2,5 млн-ға жуық қаралым жиналған.

«Шавкат бүкіл халық болып, уайымдап отырмыз», «Қысылмай айта бер», «Бірдеңе дегін келе ме?», «Жүрегіміз әлсіз, олай бірден шықпашы», «Қорқытпашы», - деген пікірлер бар. Сондай-ақ, Шавкаттың бұл әрекетін әлеуметтік желіде қайталағандар көп.

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов жақын уақытта чемпиондық титул үшін төбелесуге дайын екенін мәлімдеген еді. Алайда, UFC оған чемпиондық жекпе-жекті биыл бермейтін секілді. Отандасымыз соңғы рет октагонға былтыр желтоқсанда шығып, содан бері лайықты қарсылас таппай келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам