Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Иран спортшысын қылқындырған қазақ файтеріне Ұланғасыр Қамиев 1 млн теңге берді

23.09.2024, 08:33

Дінге бет бұрған әншінің басы жуырда дауда қалған болатын

Иран спортшысын қылқындырған қазақ файтеріне Ұланғасыр Қамиев 1 млн теңге берді
Ұланғасыр Қами. Фото ашық дереккөзден

Алматыда ережесіз жекпе-жектен NAIZA 67 турнирі мәресіне жетті. Осы кеште өнер көрсеткен спортшы әрі актер Дәулет Өсербай жеңіске жетіп, қаржылай пайдада қалды.

Дәулет Ираннан келген парсы спортшысы Пахлаван Даудты қылқындыру әдісі арқылы уақытынан бұрын жеңді. Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев Дәулетке қарсыласынан басым түссе 1 миллион теңге берем деп уәде еткен болатын.

Кездеу аяқтала салысымен Ұланғасыр сөзінде тұрып, елдің көзіңше ақшасын мобильдік қосымша арқылы Дәулетке аударып берді.

Еске салайық, бұған дейін Ұланғасыр Қамиев әлеуметтік желіде «еркектер әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп қойып жатыр» деп мәлімдеген еді. Артынша бүкіл қоғам шулап, оны жауапқа тартуын сұраған. Алайда, полиция оның мәлімдемесінен қылмыстық құрам таппады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам