Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Мемлекет қолдамайды. Спорт қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Бізді де бағалайтын уақыт келер

Бүгін, 00:42

Бекзат Алмаханмен ашық әңгіме

Аралас жекпе-жектің элиталы дивизионы саналатын UFC лигасында қазақтың небәрі төрт-ақ жігіті төбелесіп жүр. Солардың бірі – Бекзат Алмахан. Өзінің дебюттік жекпе-жегінде әлемнің ең үздік файтерлерінің бірі саналатын Умар Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізген отандасымыз азулы қарсыласына лайықты тойтарыс бергені есте. Ұпай санымен жеңілсе де америкалық аудитория оны жоғары бағалады.

Осы жекпе-жекте Бекзат аяғынан ауыр жарақат алған болатын. Кешеге дейін емделіп, бүгінде жаттығу залына оралған спортшы өзіне жаңа қарсылас іздеп жатыр. Үміткерлердің қатарында кім бар? MMA-дан UFC-ге өту қаншалықты қиын? Бұл туралы Бекзат пен оның менеджері Нұраддин Садықов айтып берді.

Менеджердің сөзінше, UFC-де өнер көрсететін санаулы қазаққа билік тарапынан ешқандай қолдау жоқ. Тек Шавкат Рахмоновқа қана қаржылай көмек көрсетіледі екен. Ал, өзгелері демеушілерге алақан жаюға мәжбүр. Қаржы тапшылығының салдарынан оқу-жаттығу жиындарына да сирек барады екен. Қажетті витаминдерді сатып алу әзірге тек арман ғана.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам