Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Мен Шавкатты таңдаймын»: Белал Мухаммад келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеді

26.09.2024, 10:15

Ол жыл соңына дейін чемпиондық белбеуін қорғағысы келетінін айтты

«Мен Шавкатты таңдаймын»: Белал Мухаммад келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеді
Fightnews.info

UFC лигасында жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммад келесі жекпе-жегін қазақ Шавкат Рахмоновпен өткізгісі келеді, Бұл туралы америкалық файтер журналист Кевин Айолаға берген сұхбатында айтқан деп жазады Fighttime.ru.

«Мен Шавкатпен төбелесуді таңдар едім, оның айналасында сан-түрлі адам бар, ол жеңілмеген және менен жеңілсе Усман секілді сылтау айтпайды. Усман қатарынан үш рет жеңілді, ол қартайып қалған. Егер менімен жекпе-жекке шыққысы келсе кемі бір файтерді жеңіп келуі керек. Ол өзінің чемпиондыққа үміті бар екенін осылай дәлелдеуі қажет.

Сондықтан, менің келесі қарсыласым Шавкат болуы керек. Егер өзге жігіттерге қарайтын болсақ, мәселен Йэн Гэрри мүлдем чемпиондық жекпе-жек сұрап отырған жоқ. Делла Маддалена жарақатынан айықпады. Сондықтан, таңдау Шавкат пен Усман арасында. Ал, мен бұл екеуінің арасынан Шавкатты таңдаймын», - деді Белал Мухаммад.

Ол чемпиондық титулын биыл желтоқсан соңына дейін қорғаудан үмітті, қазір UFC-ден қоңырау күтіп отыр.

Еске салайық, Белал Мухаммад биыл шілдеде UFC-дің чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде ол жергілікті файтер Леон Эдвардстан басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам