Турнир Балуан Шолақ сарайында өтті
Алматыда өтіп жатқан аралас жекпе-жектен Octagon 64 турнирінде қазақ Қажымұқан Еркін (1-0) мен өзбекстандық Жавохир Нарзуллаев (3-1) кездесіп, төбелес соңы дауға ұласты.
Аталған жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Қос файтер бірінші раунд бастала салысымен-ақ ашық айқасқа көшті. Ауыр соққылар, ауырту әдістері мен күрес әдістерін кезек-кезек қолданған олар жанкүйерлер көзайымына айналды.
Алайда, үшінші раундта Жавохир Нарзуллаев жерде жатқан қазақ файтерін тыйым салынған әдіспен басынан теуіп, талдырып қоя жаздады. Төреші дереу жекпе-жекті тоқтатып, Өзбекстан спортшысына дисквалификация берді. Ал, жеңіске Қажымұқан Еркін жетті.
Жавохир Нарзуллаев аралас жекпе-жектегі екінші жеңілісіне ұшыраса, Еркін екінші рет жеңіп отыр.