Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Өзбек файтері Шавкаттың Белал Мухаммадтан жеңілетініне сенімді

15.10.2024, 10:29

Чемпиондық жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-та өтеді

Өзбек файтері Шавкаттың Белал Мухаммадтан жеңілетініне сенімді
Metaratings.ru

АҚШ-та тұратын өзбекстандық файтер, UFC-дің бұрынғы өкілі Саид Йокуб Кахромонов Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасында болатын чемпиондық жекпе-жекке қатысты өз пікірін айтты.

Бұған дейін UFC-дің экс-чемпионы Ти Джей Диллашоу JAXXON подкасында қонақта болып, Белалдың әлсіз екенін, октагонда барлығы 4 сағат 17 минут 38 секунд өткізгенін және мүлдем нокаутпен жеңе алмағанын айтқан болатын.

Кахромонов болса Диллашоудың бұл пікірін орынсыз деп тауып, Белалдың Шавкатты қиындықсыз жеңетінін мәлімдеді.

«Допингке тойып алған бір топ хейтер микрофон айналасына жиналып алып, аузына келгенін оттап отыр. Белал – мен көрген ең еңбекқор адам. Ол Шавкатты сөзсіз жеңеді», - деді өзбек файтері өзінің X-парақшасында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы чемпиондық жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-та өтеді. Сарапқа Белалдың чемпиондық титулы салынады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам