Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Нағыз мықты жеңсін». Шавкат Рахмонов жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты

15.10.2024, 13:11

Белал Мухаммад Хабиб Нурмагамедовтің командасымен жаттығу жасап жүр

«Нағыз мықты жеңсін». Шавкат Рахмонов жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты
instagram.com/shavkatrakhmonov94

Шавкат Рахмонов «Вестник ММА-ге» берген сұхбатында жартылай орта салмақта Белал Мухаммадпен UFC чемпионы атағын сарапқа салатын айқасқа қалай дайындалып жатқанын айтты.

«Жекпе-жек – белесті еңсеруге, жоғарыға көтірілуге мүмкіндік беретін тағы бір жауапкершілік, тағы бір баспалдақ. Мен UFC чемпионы атанғым келеді, сол үшін барымды салып жаттығып жатырмын. Көреміз, айқас бәрін көрсетеді. Белал Мухаммад – мықты қарсылас», - деді Шавкат.

Қазір Белал Мухаммад Хабиб Нурмагамедовтің командасымен жаттығу жасап жүр. Осы орайда Шавкат Белалдың деңгейі қаншалықты өскені туралы пікір білдірді.

«Олардың да үлесі бар екені анық, бірақ Белал онсыз да өте еңбекқор. Ол үнемі жаттығып жүреді, қашан қарасаң да залда. Жарайсың, сәттілік деу керек. Екеуміз кездескенде, нағыз мықты ғана жеңсін деймін. Мен бар күшімді саламын. Мен титулды Қазақстанға алып келгім келеді. Барлық қазақстандық жанкүйерді қуантсам деймін», - деп қосты ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам