Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

UFC чемпиондық титулына үміткер боламын – Асу Алмабаев

18.10.2024, 11:44

Алмабаев 20 қазанда бразилиялық файтермен кездеседі

UFC чемпиондық титулына үміткер боламын – Асу Алмабаев
instagram.com/asu_zulfikar57/

Қазақстандық ММА жауынгері Асу «Зұлфиқар» Алмабаев бразилиялық Матеус Николаумен өтетін жекпе-жек алдында UFC чемпиондық титулына үміткер болуға қатысты жоспарын бөлісті.

«Менің ойымша, осылай жеңісімді жалғастыра берсем, келесі жылы 100% белбеуге үміткер боламын. Қазіргі уақытта біздің дивизионда әртүрлі өзгерістер болып жатыр. Егер жақсы жеңістер сериясы болса, кез келген сәтте белбеу үшін жекпе-жек тағайындауы мүмкін. Аш адам әрқашан жеңеді. Топ-5-те барлық жауынгерлер деңгейлес. Жеңіс жекпе-жек жоспарына және жауынгерлік IQ-ға байланысты», – деді Асу Алмабаев meta-ratings.kz-ке берген пікірінде.

Айта кетейік, Алмабаев пен Николаудың жекпе-жегі 20 қазанда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 245 турнирінде өтеді. Егер Алмабаев бразилиялық қарсыласынан басым түссе, UFC жеңіл салмақ дәрежесінде үздік ондыққа енуі мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам