Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Бүгін түнде Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді

19.10.2024, 16:14

Отандасымыз UFC-де мүлдем жеңілмеген

Бүгін түнде Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді
UFC

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) қазанның 19-нан 20-сына қараған түні октагонға шығады. Отандасымыз Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 245 турниріне қатысады. Қарсыласы — бразилиялық файтер Матеус Николау (19-4-1).

Бұл жекпе-жектің тікелей көрсетілімін UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша сағат 03:30-да басталады. 

Егер Алмабаев бразилиялық қарсыласынан басым түссе, UFC-де жеңіл салмақ дәрежесінде үздік ондыққа енуі мүмкін. Қазіргі уақытта Матеус Николау UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрса, Асу Алмабаев 14-орынға орналасқан. Бұл салмақ дәрежесінде бразилиялық Александр Пантожа көш бастап келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам