Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Асу Алмабаев UFC басшысынан чемпиондық белбеуге жекпе-жек сұрады

20.10.2024, 10:19

Бүгінгі жеңісінен кейін ол рейтингте ТОП-10 қатарына кіруі мүмкін

Асу Алмабаев UFC басшысынан чемпиондық белбеуге жекпе-жек сұрады
UFC

UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне жеткен қазақстандық Асу Алмабаев (21-2) чемпиондық титулға төбелескісі келетінін жасырмай, Дана Уайттан бір мүмкіндік беруді сұрады.

Лас-Вегаста өткен UFC кешінде отандасымыз бразилиялық ТОП-файтер Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

«Дана, маған белбеу үшін төбелесетін бір ғана мүмкіндік берші, бір ғана мүмкіндік жетеді», - деді Асу жеңісінен кейін.

UFC басшысы Дана Уайт Асудың сұрауына әлі үн қатқан жоқ. Бұған дейін рейтингте 14-ші орында тұрған қазақ файтері болса бүгінгі жеңісінен кейін ТОП-10 қатарына кіреді. Яғни, чемпиондық титулға таласуға да мүмкіндігі артады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам