Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Жүрегіміз тоқтап қалғандай болды»: Асу Алмабаевтың бапкері бүгінгі жеңіс пен алдағы жоспарлары туралы айтты

20.10.2024, 19:07

Асу Шавкат Рахмоновтан үздік ондыққа кірген екінші адам болды

«Жүрегіміз тоқтап қалғандай болды»: Асу Алмабаевтың бапкері бүгінгі жеңіс пен алдағы жоспарлары туралы айтты
prosports.kz

Бүгін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) бразилиялық файтерді жеңіп, өз мансабында маңызды қадам жасады. Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров Sports.kz тілшісіне қазақстандық файтердің алдағы уақыттағы жоспарлары туралы айтып берді.

– Асу Алмабаевтың Матеус Николауға қарсы жекпе-жегінен қандай әсер алдыңыз? 

– Біріншіден, мен барша қазақстандықтарды айтулы оқиғамен құттықтаймын. Асу Шавкат Рахмоновтан кейін әлемнің үздік ұйымының үздік ондығына кірген екінші адам болды. Мен бұл жеңіске қатты қуанып, әсерлендім, бұл мен көптен күткен жеңіс еді. Жекпе-жек оңай болған жоқ, өйткені күрес барысында қиын сәттер болды, бірақ Асу оларды жеңіп шықты. Бұл қиындықтар сөзсіз оны одан әрі күшейтеді. Николау сияқты мықты қарсыластар арқылы ғана нағыз жауынгерлер қалыптасады.

– «Зульфикардың» өнеріне қанағаттандыңыз ба? Барлығы жоспар бойынша өтті ме?

– Иә, мен өнеріне өте қанағаттандым. Ең бастысы, Асу жеңіске жетіп, рейтингтің үздік ондығына кірді және енді чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндігі бар.

– Екінші раундтағы Николаудың гильотина жасамақ болған сәті туралы не ойлайсыз?

– Матеус қылқындыруға кіріскенде, бәріміздің жүрегіміз тоқтап қалғандай болды. Асудың мұндай қиын жағдайдан шыға алатынына сенімім болды. Оның чемпион болуға деген құлшынысы өте зор, ол бұл арманына бүкіл өмірін арнаған. Мен қатты қорықтым, басым айналып кетті. Бірақ ең бастысы, Асу оңай беріле салмады.

– Жеңістен кейін Алмабаев Дана Уайттан UFC титулдық жекпе-жегіне мүмкіндік беруді сұрады. Асу титулдық жекпе-жекке дайын ба?

– Біз бұл сәтті өзіміз де күтіп жүрміз, бұл біздің арманымыз. Күшімізді сынап, белбеуді Қазақстанға әкелгіміз келеді. Біз мұны жасай аламыз! Қазір уақыт та, форма да келді.

– Жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпион Алехандро Пантожа желтоқсан айындағы кардта Шавкат Рахмонов титул үшін жекпе-жек өткізетін уақытта төбелесетін болады, сондықтан ол жақын арада Асуға қарсылас болмауы мүмкін. «Зульфикарға» әлеуетті қарсыластар қатарында кімді көріп отырсыз?

– Келесі жекпе-жекті шамамен ақпанда өткіземіз. Бірақ UFC басшылығының шешіміне байланысты болады. Біз белбеуге дайынбыз, Асу бұл туралы айтқан болатын. Бірақ тексеруге тағы бір қарсылас берсе, біз қарсы емеспіз. Брендэн Ройвэл, Тацуро Тайра, Амир Албази және тағы басқа жігіттермен титул алдында жекпе-жек өткізуге болады.

– Rizin-нің бұрынғы чемпионы Кай Асакура бірде-бір жекпе-жек өткізбестен титулдық мүмкіндік алғанына не дейсіз?

– Бұл салмақ UFC үшін қызықсыз болып барады, сондықтан олар басқа нұсқаларды сынап, Асакураға бірден титулдық жекпе-жек берді. Олар жаңа тұлғалар мен өзгерісті қалайды. Сол себепті осындай қадамдарға барып отыр. UFC – бұл үлкен бизнес жоба және онда үлкен қаржы айналып жатыр, олар көбірек пайда тапқысы келеді. Сондықтан олар құрамды әртараптандыру үшін осындай жігіттерді тартады. Бұл бірінші рет болып отырған жоқ, UFC бұған дейін де осындай қадамдар жасаған.

– Отандасымыздың келесі жекпе-жегі нақты қашан өтуі мүмкін?

– Біз ақпан айында деп жоспарлап отырмыз. Қазір Асу қалпына келіп, отбасымен уақыт өткізеді, содан кейін біз қайтадан дайындықты бастаймыз. Барлық дайындық кезеңдерінен өтіп, ақпан айында дайын боламыз.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам