Жаңа шоу! Чемпиондар лигасына "легендарный" болжамдар!

«Шавкаттың осал жерін табады»: Белал Мұхаммедке Хабиб Нурмагомедов көмектесуі мүмкін

21.10.2024, 16:08

«Fight Night Global» лигасының президенті болжам жасады

«Шавкаттың осал жерін табады»: Белал Мұхаммедке Хабиб Нурмагомедов көмектесуі мүмкін
fight.ru

«Fight Night Global» лигасының президенті Камил Гаджиев UFC ұйымындағы Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед арасындағы титулдық жекпе-жекке болжам жасады. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы жазды.

«Қазақстан чемпионды күтуде. Қазақстандықтар дәл сол күні ұйықтамайды, мен де солай күтіп жүрмін. Бұл үлкен сынақ. Жақсы қарсылас, бәсекеге толы жекпе-жек. Бәлкім, Белалға дайындықта Хабиб көмектесетін шығар. Соның арқасында ол тағы да күшейе түседі. Хабиб өте жақсы стратег. Ол Шавкатқа қарсы қандай әдіс қолдануға болатынын, осал жерін ойлап табуға көмектесуі мүмкін. Шынымды айтсам, әзірге жағдай — 50:50. Қазіргі уақытта мен осылай көріп тұрмын. Бұл бәріміз үшін жаңа леп, біз бәріміз осыны талқылайтын боламыз. Біз бір аудитория, бір кеңістіктеміз, ал белбеу үшін қазақтың жекпе-жекке шығуы — біз үшін нағыз оқиға», — деді Гаджиев «Апталық қорытындылар» бағдарламасында.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың бапкері отандасымыздың өте жақсы формада екенін айтқан еді.

Айта кетейік, аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада көптен күткен кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – жартылай орта салмақта UFC чемпионы американдық Белал Мухаммад (24-3).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам