Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Ешкім ауыр еңбекті бағаламайды»: Белал Мухаммад Рахмоновқа қарсы дайындығы туралы айтты

25.10.2024, 11:32

Көптен күткен жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді

«Ешкім ауыр еңбекті бағаламайды»: Белал Мухаммад Рахмоновқа қарсы дайындығы туралы айтты
instagram/bullyb170

UFC-ден орта салмақтағы әле чемпионы Белал Мухаммад қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты.

Америкалық спортшы өзінің жеңісіне сенімді. Сондықтан ол әдеттегіден де көп жаттығу жасап жатыр.

«Бұл жігітке қарсы жекпе-жекке әдеттегіден екі есе көп жаттығу жасап жатырмын. Мен күніге жаттығу залында жұмыс істеп жүрмін. Жұмыс, жұмыс, жұмыс. Ал, адамдар… Егер ертең мен Шавкатты жеңген күннің өзінде олар «оның жолы болды» деп айтады. Ешкім ауыр еңбекті бағаламайды. Біз осындай әлемде өмір сүріп жатырмыз. Еңбектің қаншалықты ауыр екенін тек менің отбасым мен бірге жұмыс істеп жатқан командам ғана біледі, спортпен кәсіби айналысқан адамдар ғана біледі», - деді Мухаммад MMA Fighting журналисіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы чемпиондық жекпе-жек биыл 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Қазақ файтері 2024 жылы мүлдем октагонға шыққан жоқ. Ал, Белал болса биыл шілдеде британдық Леон Эдвардсты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам