ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен кездесуі мүмкін

25.10.2024, 12:28

Шавкат Рахмонов карьерасындағы басты кездесуді 7 желтоқсан күні өткізеді

Шавкат Рахмонов Ислам Махачевпен кездесуі мүмкін
Jeff Bottari/Getty Images

UFC басшысы Дана Уайт бұл туралы баспасөз конференциясында айтты. Тілшілердің бірі Данадан «Егер жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев келесі айқасында жеңіске жетсе, орта салмақта Белал Мухаммад - Шавкат Рахмонов жұбының жеңімпазымен кездесуге мүмкіндік ала ма?» деп сұрады.

«Әрине», - деп жауап берді Уайт Power Slap баспасөз конференциясынан соң.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов карьерасындағы басты кездесуді 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткізеді.

Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды. Осылайша, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақстандық чемпион атануы мүмкін.

Шавкат Рахмонов MMA-де 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам