Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Америкадағы қазақтар Шавкат Рахмоновты күтіп алды (ВИДЕО)

12.12.2023, 14:47

Ол қолтаңба таратып, журналистер сұрағына жауап берді

Америкадағы қазақтар Шавкат Рахмоновты күтіп алды (ВИДЕО)
Vesti.kz

UFC лигасында өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегас қаласына келді. Астана уақытымен 17 желтоқсан күні таңертең ол америкалық файтер Стивен Томпсонмен (17-6-1) айқасады.

Лас-Вегас қаласының әуежайына қонған сәттен бастап даңқты спортшыны жергілікті қазақ жанкүйерлері күтіп алды деп хабарлады Vesti.kz.

Әуежайда Шавкатты жанкүйерлермен бірге оның менеджері Саят Әбдірахманов және журналистер күтіп алған. Ол қолтаңба таратып, UFC-дің түсірілім тобының сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін қос файтер де алдағы жекпе-жекте жеңіске жететіндерін айтып, бірнеше рет мәлімдеме жасады. Қазақ балуаны партерде мықты болса, америкалық тұрып төбелесудің шебері. 

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам