Ол 9 жеңістің сегізін нокаутпен аяқтаған
Қазақстандық актер әрі MMA файтері Еркебұлан Тоқтар (9-3) аралас жекпе-жектегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Астанадағы Dala Fighting Champioship турнирінде ол қарсыласын бір минутқа жеткізбей нокаутқа түсірді.
28 жастағы Еркебұланның қарсыласы Египеттен келген 39 жастағы Хайтам Эльсайед (10-7) болды. Кездесудің 50-секундында қазақ файтері оны ауыр соққысымен күтіп алып, талдырып тастады. Рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Еркебұлан Тоқтар осымен тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның сегізінде нокаут тіркелген. Эльсайед болса қатарынан үшінші рет нокаутпен жеңіліп отыр.
Ал осы турнирдің басты жекпе-жегі қазақстандық танымал файтер Васлий Тахтай (10-0) мен америкалық ардагер Уилл Чоуп (42-23) арасында өткен болатын. Отандасымыз небәрі 40 секундта қарсыласын жерге құлатып, партерде ұрып тастады және осы турнирдің жеңімпазы атанды.