Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатында сенсация жасады

Отандасымыз үш рет жеңілген қарсыласынан есе қайтарды

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 26 жастағы спортшы жарысты 1/32 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде аустралиялық Кейшин Очины жеңіп, келесі кезеңге өтті.

1/16 финалда Жұбаназар алаң иесі Вусал Галандарзадемен кездесті. Негізгі уақытта қарсыласына екі «шидо» алған қазақстандық дзюдошы белдесуді golden score-ға жеткізді. Қосымша уақытта Абылайхан тағы үш «шидо» алып, жеңісті жұлып алды.

Ширек финалда оның қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Ли Джон Ван болды. Париж Олимпиадасының қола жүлдегерімен бұған дейін үш рет кездескен Жұбаназардың үшеуінде де жолы болмаған еді. Соңғы рет спортшылар былтыр Астанадағы Grand Slam турнирінде белдескен.

Бұл жолы қазақстандық дзюдошы қарсыласына мүмкіндік бермеді. Белдесудің негізгі уақытында Абылайхан қарсыласының шабуылын сәтті пайдаланып, «юко» ұпайын еншіледі. Қалған уақытта Жұбаназар басымдығын сақтап, Ли Джон Ванның шабуылдарына төтеп берді.

Осылайша, Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Енді қазақстандық дзюдошы финалға шығу үшін Әзербайжан өкілі Зелим Цкаевпен белдеседі. Ол ширек финалда Матис Касты жеңген.

Жұбаназар биыл Лозаннадағы Grand Slam турнирінде алғаш рет чемпион атанған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам