ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Азат Мақсұмды жеңген америкалық файтер Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды

12.11.2024, 11:00

Чарльз Джонсон рейтингте 13-орында тұр

Азат Мақсұмды жеңген америкалық файтер Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды
t.me/sportilinet

АҚШ-тан шыққан UFC-тің ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек шебері Чарльз Джонсон (17-6), дивизион рейтингінде 13-орында тұрған спортшыалдағы уақытта жекпе-жек өткізгісі келетін қарсыластарының есімін атады.

Әлеуметтік желідегі Х парақшасында Чарльзден келесі қарсыласы туралы сұраған. Джонсон үш есімді атады, олардың арасында қазақстандық Асу Алмабаев (21-2) та бар.

«Асу Алмабаев, Алекс Перес, Стив Эрцег немесе кез келген топ-10-дыққа кіретін файтер», — деп бөлісті спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпанда Чарльз Джонсон қазақстандық тағы бір спортшы Азат Мақсұмды (15-1) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам