Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Жат діни ағымда жүргендерге спортпен айналысуға тыйым сала алмаймыз – Ардақ Назаров

25.11.2024, 01:19

Ол елде діни сауаты бар мамандардың аз екенін айтты

Жат діни ағымда жүргендерге спортпен айналысуға тыйым сала алмаймыз – Ардақ Назаров
parlam.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жат діни ағымда жүрген спортшылар туралы айтып, олардың тізімі де бар екенін алға тартқан болатын. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров болса «Адал Адам» YouTube арнасына берген сұхбатында осы мәселеге қатысты ойын ортаға салды.

«Еліміздің батысында көп болдым, жастармен кездестім. Имамдармен бірге отырып жастарға ақыл-кеңесімізді айттық. Кейде мешіттерге де бардық. Бұл бағытта жүрген адамдарға спортпен айналысуға тыйым сала алмаймыз. Бірақ бізге діни білімі жетік, шариғатты жақсы білетін, көзі ашық мамандар керектігін түсіндім. Олар діни басқарманың жанынан ашылған орталықта жұмыс істеуі керек. Олар сол жастардың ұстанған бағытының дұрыс еместігін, біржақты қарамау керектігін, оның ұлтқа зиян екенін егжей-текжей түсіндірсе екен деймін. Құдықтағы құрбақа аспанды түймедей деп қана көреді, оның үлкендігін білмейді. Сондықтан ондай жастардың көзін ашу керек. Вице-министр тізім бар депті, бар да шығар, бірақ өз басым ондай тізім туралы естіген жоқпын», - деді Назаров.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасынан кейін жүлдегер спортшыларды қабылдау салтанатында жастарға теріс діни ағымдарға ұрынбауға кеңес берген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам