«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Аталған видеоролик Instagram-дағы «Спорт Шрёдингера» паблигінде жарияланды
UFC лигасында кезекті жекпе-жегіне шыққалы жатқан жерлесіміз Шавкат Рахмоновтың (17-0) жанкүйерлері тек Қазақстанда емес, әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Солардың бірі – америкалық спорт комментаторы Лаура Санко.
Бұрын аралас жепке-жекпен айналысқан Лаура қазір UFC ұйымында жұмыс істейтін алғашқы комментатор әйел. Ол бүгінгі эфир кезінде қазақ Шавкат Рахмоновқа жанкүйер екенін жасырмай айтып, оған сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қазақша рухтандырып, ақыл-кеңесін де аяған жоқ.
«Шавкат! Қазақстан, алға! Сенің қолыңнан келеді. Өзіңнің қысымыңды пайдаланып, ақылмен төбелес. Қорғанысты да ұмытпа. Қазақстанда саған үміт артып отырған халқыңды ұмытпа. Сәттілік, Шавкат»
Еске салайық, бұған дейін де Лаура Шавкат Рахмоновқа қызығушылығын білдірген болатын. Ол кезде екеуі кездесіп, қазақ спортшысы комментаторға түлкі тымақ сыйлаған болатын.
