Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Мен Құдайға сендім»: Шавкат Рахмонов қоймада жүк тасушы болып жұмыс істеген кезін еске алды

15.12.2023, 15:07

Даңқты спортшы – Өзбекстанда туған қазақ

«Мен Құдайға сендім»: Шавкат Рахмонов қоймада жүк тасушы болып жұмыс істеген кезін еске алды
Vesti.kz

17 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кезекті жекпе-жегін өткізетін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бүгін журналистердің сұрағына жауап берді.

Әңгіме барысында Шавкат жас кезінде көрген ауыртпалықты, болашаққа деген сенімі туралы айтты.

«Ол кезде қоймада ауыр жүк тасып, төмен табыс тауып жүрген кезімде Дәл қазіргі деңгейге жетемін деп армандаған да жоқпын. Бірақ, мен Құдайға сендім және менің төккен терім мені биікке жетелейтінін білдім.  Мұндай қиындықтар бізді күшті етеді.

Менің туған өлкемде біреудің жеңісіне өзгелер шынайы қуанады. Менің қазіргі жеткен жетістігім ол адамдарды бақытты етеді. Мен олар үшін қаөарман батырмын деп айтпаймын. Дегенмен, мен өз халқымның қолдауы мен құрметін сезінемін», - деді Рахмонов Dailymail тілшісіне берген жауабында.

Айта кетейік, бүгін Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон журналистермен кездесіп, сұрақтарына жуап берді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам