Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раундта жеңді (ВИДЕО)

17.12.2023, 09:48

Осылайша, Шавкат Рахмонов MMA спортныдағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр

Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раундта жеңді (ВИДЕО)
Vesti.kz

Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 296 турнирінде қазақ Шавкат «Номад» Рахмонов (18-0) америкалық тәжірибелі қарсыласы Стивен Томпсонды (17-7-1) мерзімінен бұрын жеңді.

Бірінші раундта қос файтер ашық айқасқа барған жоқ. Десе де, Шавкаттың басымдығы анық байқалды.

Екінші раундта Стивен Томпсон аяқпен жақсы жұмыс істей бастағанымен, өзі алдымен бірнеше соққы алса, артынша Шавкаттың қылқындыру әдісіне түсіп қалды. Алайда, қазақ спортшысы әдісін аяғына дейін орындай алмай, Томпсон сытылып кеткен. Араға бірнеше секунд салып «Номад» қайта қылқындыру әдісін қолданып, бұл жолы қарсыласын тырп еткізбей, берілуіне мәжбүрледі.

Осылайша, Шавкат Рахмонов MMA спортныдағы 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал, UFC лигасындағы алтыншы жеңісі. Ол әлі жеңіліп көрмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам