Қазақстандық жауынгер жеңіске жету үшін аянып қалмайтынын атап өтті
Жеңілмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен айқас аптасында сұхбат беріп, қарсыласының артықшылықтарына тоқталды.
Шавкаттың сөзінше, Гэрридің соққысы мығым, әрі қарсыласына қарсы тез бейімделе алады.
«Әрине, спарринг пен нағыз айқастың айырмашылығы үлкен. Иэн де, мен де спарринг кезінде өзімізді 100 пайыз көрсеткен жоқпыз. Иэн – мықты жауынгер, соққысы мығым, бірақ төбелесте мен оны алып қоямын. Оның артық тұсы – оның кез келген қарсыластың тактикасына бейімделе алатындығында. Гэрридің қашықтықты сақтап жүріп төбелесетіні бар. Бірақ айқас кезінде оның осал тұстарын табамын», - деді Шавкат.
Рахмонов Белал Мухаммадпен жекпе-жек туралы әзірге ойламайтынын, басты назары ирландиялықта екенін тілге тиек етті.
«Чемпионның аты – чемпион. Бірақ Гэрриді де, Белалды да ұтатын кілт табатыныма сенімдімін. Екеуміздің қай жеңгеніміз Белалмен төбелесетініне күмәнім жоқ. Усман – Маддалена айқасы біздің алдымызды орап кетеді деп ойламаймын. Камарудың титулды жарысқа қатысуға мүмкіндігі болған, алайда ол одан айырылып қалды. Белал екеуміздің жекпе-жегіміз туралы ойланып жүрген жоқпын. Алдымен Гэрриді жеңуім керек. Белал ешқайда қашпайды, өзінің мәселелерін шешіп алсын. Сонан соң UFС-мен бірігіп әрі қарай қалай жүретінімізді анықтаймыз», - деді ол.