Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмоновты АҚШ енді танып жатыр. Гэрри жігіттік жасады. Биліктің позициясы түсініксіз

05.12.2024, 10:06

Жекпе-жек Астана уақытымен 8 желтоқсан күні таңда Лас-Вегаста өтеді

Қазақ файтері Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жекке санаулы күндер қалды. Қос спортшы да қазір дайындығын пысықтап, журналистер алдына шығып та үлгерді.

Ал, «Бірінші бол» студиясында қонақта болған MMA-дан әлем чемпионы Ерназ Мұсабек пен спорт сарапшысы Исатай Мәди осынау жекпе-жекке қатысты өз болжамын айтып, Қазақстандағы аралас жекпе-жектің бүгінгі даму барысын талқылады.

Ерназ Мұсабек Шавкатпен бір залда жаттығу жасап, тіпті бірге күрескен. Ол NOMAD-тың өте төзімді, тоқтаусыз екі сағат бойы күресе беретініне куә болғанын айтады. Ал, Исатай Мәди болса Иэн Гэрридің батылдығын жоғары бағалау керек дейді. Өйткені, ирландиялық файтерге әлсіздеу қарсыласпен жекпе-жек өткізуге ұсыныс болған. Десе де, ол тәуекелге барып, UFC-дің ең үздіктерінің бірі – Шавкатты таңдапты.

Қос спикер де жекпе-жектің соңына жетпей Шавкаттың жеңісімен аяқталатынын болжады. Аяқта тұрып төбелесуге де, партерде күресуге де жақсы машықтанған отандасымыз Гэрриді үшінші раундтан кейін қылқындырып жеңеді дейді олар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам