Спортшылар face to face рәсімінен өтті
Ирландиялық файтер Иэн Гэрри қазақстандық Шавкат Рахмоновпен болатын жекпе-жек алдында оны мазақ қылды. 5 желтоқсанда қос спортшы face to face рәсімінен өтіп, журналистер сұрағына жауап берген болатын.
Гэрри өзінің Instagram-парақшасына бетпе-бет кездесу рәсімінен фото жүктеп, Шавкаттың басы тым үлкен екенін айтқан.
«Мынадай үлкен басқа соққыларды оңай тигізуге болады», - деп жазды ирландиялық файтер.
Еске салайық, Рахмонов пен Гэрри жекпе-жегі Астана уақытымен 8 желтоқсанда таңғы сегіз шамасында болады. UFC кеші Лас-Вегас қаласында өтеді.