«Ливерпульге» жеңіс керек емес. «Реалға» жанымыз ашиды. «Мансити» қашан қатарға қосылады?

Шавкат Рахмоновта жекпе-жек алдында қандай проблема болғаны анықталды

09.12.2024, 09:50

Ол былтырғы жекпе-жекте аяғын ауыр жарақаттап алған болатын

Шавкат Рахмоновта жекпе-жек алдында қандай проблема болғаны анықталды
Jeff Bottari/Getty Images

Ирландиялық файтер Иэн Гэрримен болған жекпе-жектен кейін Шавкат Рахмонов дайындық кезінде үлкен проблема болғанын айтқан еді. Жекпе-жектен кейін Dar Team командасының бапкері Эдуард Базров сұхбат беріп, бұл проблеманың мән-жайын тарқатып айтып берді.

Еске салайық, бұған дейінгі 18 жекпе-жегінің бәрін мерзімінен бұрын жеңген Рахмонов Гэрриді төрешілер шешімімен ұтты. Ол тіпті бесінші раундта қылқындыру әдісіне түсіп қалып, қарсыласының құрсауынан әзер босап шықты.

«Осы жекпе-жектің алдында Шавкаттың денсаулығы сыр берді. Біз бұл туралы ешкімге тіс жармадық, ол төбелесуді жөн деп тапты. Егер дәл осындай проблема UFC-дің басқа файтерінде болса ешкім октагонға шықпас еді. Мұны мен ақталу үшін айтып отырған жоқпын, Шавкат расымен де қатты ауырды», - деді Базров NAIZA TV YouTube-каналына берген сұхбатында.

Айта кетейік, ирландиялық файтер бұған дейін мүлдем жеңілмеген. Енді оның есебінде 15 жеңіс пен 1 жеңіліс бар. Ал, Шавкат болса бұған дейінгі 18 жекпе-жегінің бәрінде мезгілінен бұрын жеңсе, Гэрриді төрешілер шешімімен ұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам