«Ливерпульге» жеңіс керек емес. «Реалға» жанымыз ашиды. «Мансити» қашан қатарға қосылады?

Шавкат Рахмоновтың жеңісі әділетті ме? Камил Гаджиев өз ойын айтты

09.12.2024, 15:38

Ол Гэрридің бесінші раундта өте сенімді көрінгенін атап өтті

Шавкат Рахмоновтың жеңісі әділетті ме? Камил Гаджиев өз ойын айтты
allboxing.ru

UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Алайда жеңістің Шавкатқа берілгеніне қарсы адамдар да табылды. Осы орайда Fight Night лигасының президенті Камил Гаджиев YouTube-арнасында өз ойын ортаға салып, қазақстандықтың қолын көтеру қаншалықты әділетті болғанын алға тартты.

«Гэрри жеңді дегендермен келісе алмаймын. Біреулер «Сендер ТМД елдеріненсіңдер, бір-бірлеріңді осылай қолдайсыңдар» деп айтуы мүмкін, сондықтан бәрін түсіндіріп өтейін. Бірінші, екінші және төртінші раундтарда, яғни үш раундта Шавкат жеңді – яғни 3:2 деген сөз. Бұл жерде бәрі анық. Қарсыластардың әр раундтағы артықшылықтары көзге көрініп тұрды, төрешілер де соған сәйкес шешім қабылдады. UFC-де әр раундты жеке қарайды, жеке баға беріледі. Егер толық айқасқа баға берілгенде, онда әңгіме бөлек. Себебі Гэрри бесінші раундта өте сенімді көрінді, бірақ бұл жерде әр раунд бойынша қорытынды шығарылады», - деді Fight Night президенті.

Сонымен қатар ол Шавкат үшін бұл өте үлкен тәжірибе болғанын және оған қай бағытта жұмыс істеу керектігін айтып өтті.

«Шавкат чемпиондық жекпе-жек алдында бес раундтық айқас өткізгені жақсы болды. Гэрри күресі мықты спортшылардың қатарында емес еді. Соған қарамастан Гэрридің күресі жоғары деңгейде екенін көрдік. Бәлкім ол Белал Мухаммедтен кем емес те шығар. Гэрридің өзін айналдыруға мүмкіндік бермегенін, тіпті бесінші раундта қарсыласының мойнынан қылқындыра бастағанын да көрдік. Сондықтан Шавкатқа күресін дамыту керек деп айтар едім және оны жеңісімен құттықтаймын», - деді Гаджиев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам