Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмонов жазға дейін ешкіммен төбелеспейді

21.12.2023, 09:25

Спортшы алдымен жарақатын емдетуі тиіс

Шавкат Рахмонов жазға дейін ешкіммен төбелеспейді
Чемпионат.ру

UFC файтері Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін шамамен қай уақытта өткізетіні белгілі болды. Оның секунданты Бауыржан Уталиев «Вестник MMA» басылымына берген сұхбатында осы туралы айтты.

Еске салсақ, 17 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде жерлесіміз америкалық спортшы Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. Десе де, осы кездесу алдында ол аяғын жарақаттап алды.

«Ол жазға қарай дайын болады. Алдын ала нақты ешнәрсе айта алмаймын. Дайындыққа қашан кетеміз деп өзінен сұрадым. Жазда деп жауап берді. Қазір демаламыз. Жаңа жылдан кейін мен жаттығуға кірісемін. Аяғын емдеу керек, әлі ісіп тұр», - деді Уталиев.

Айта кету керек, Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жекте барлығы 18 жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Соның соңғы алты кездесуі UFC лигасында өтті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам