Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты

22.12.2024, 10:51

Былтыр ол үйленетін пәк қыз іздеп жүргенін айтқан еді

«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Instagram

Аралас жекпе-жек шебері 36 жастағы Қуат Хамитов өзінің болашақ жарына қатысты талаптарын айтты. Спортшының сөзінше, оның жүрегі әлі де бос.

«Жүрегім бос, оның үстіне карьера қуып жүрген жайым бар. Осыдан екі-үш жыл бұрын ата-анама үлкен үй салып бердім. Ендігі арманым – сол шаңыраққа жарымды алып бару. Артымнан өсіп келе жатқан бауырым бар. Бәріміз сол үйде тату-тәтті өмір сүрсек деймін. 

Болашақ жарым мені жақсы көрсе, мен оны жақсы көрсем болды ғой. Негізі жақсы көрген адам ата-анамды да сыйлайды. Бастысы, қарапайым, ақылды, қазақы тәрбие көрген қыз жолықса екен», - деді Хамитов.

Еске салайық, былтыр танымал файтер үйленетін пәк қыз таппай жүргенін айтқан болатын. Оның пікірінше, қазіргі қыздардың көбі «бұзылып кеткен».

«Әлеуметтік желідегі өмірі бір басқа, шынайы өмірде мүлдем басқа адам болып шығады. Көпшілігі алкоголь ішеді. Танысып, болашақты жоспарлайын десең, пәк болмай шығады. Мен ондай қыздармен байланысты бірден үземін. Маған жар болатын пәк қыз керек», - деген еді Хамитов сұхбаттарының бірінде.

Айта кетейік, Қуат Хамитов аралас жекпе-жектен кейін кәсіпқой бокста бір бағын сынап көрсе, қазіргі таңда отандық промоушен ұйымдастырып жатқан күрес шоуына қатысып жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам