Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қуат Хамитов ресейлік файтермен жұдырықтасудан бас тартты

23.12.2024, 09:35

Жанкүйерлер аталған жекпе-жекті келер жылы көруі мүмкін

Қуат Хамитов ресейлік файтермен жұдырықтасудан бас тартты
instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік Мариф Пираевпен төбелесуден бас тартты. Қос файтер кәсіпқой бокс ережесімен 27 желтоқсанда Алматыда жұдырықтасуы керек еді.

«Мен үнемі жарақатпен төбелесе бере алмаймын. Сондықтан, келесі жолы кездесерміз», - деп жазды Хамитов өзінің Instagram-парақшасында.

Бұл ақпаратты All Stars Boxing ұйымы да растады. Аталған компания – Алматыдағы бокс кешінің ұйымдастырушысы.

«Өкінішке қарай, 27 желтоқсанға жопарланған Қуат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек болмайтын болды, басқа уақытқа жылжытылады. Мұндай шешімді бокс комиссиясы Қуат Хамитовтің жарақат алғанынан кейін қабылдады», - делінген аталған ұйым таратқан хабарламада.

Дегенмен, спортшының өзі де, жарыс ұйымдастырушылары да нақты қандай жарақат болғанын айтқан жоқ. Хамитов бұған дейін Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, Нұрберген Шәріпті жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам