Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Сабыр сақтауға барынша тырыстым»: Хабиб Нурмагомедов ұшақтағы жайтқа пікір білдірді

13.01.2025, 09:54

Ол Лас-Вегастан Лос-Анджелеске ұшпақ болған

«Сабыр сақтауға барынша тырыстым»: Хабиб Нурмагомедов ұшақтағы жайтқа пікір білдірді
instagram.com/khabib_nurmagomedov/

Дағыстандық әйгілі файтер Хабиб Нурмагомедовті АҚШ-та ұшақтан түсіріп кеткенін бұған дейін БАҚ өкілдері жазған болатын. Стюардесса оған орнын ауыстыруды талап еткен соң спортшы ұшақтан түсіп қалған.

Журналистер Хабибтің ағылшынша түсінбегендіктен осындай жайт болды деп мәлімдеген. Алайда, даңқты файтер мұны жоққа шығарып отыр.

«Ең алдымен айтарым, бұл оқиға Alaska airline емес, Frontier Airlines ұшағында болды. Маған сұрақтарымен келген әйел өте дөрекі сөйлесті. Мен ағылшынша жақсы сөйлеймін және түсінемін. Соған қарамастан ол менің орын ауыстыруымды талап етті. Не үшін мұндай шешім қабылдағаны түсініксіз, бәлкім ұлттық, бәлкім нәсілдік тұрғыда болды ма, ол жағын білмеймін.

Ұзақ дауласқаннан кейін ол күзетшілерді шақырып, мені ұшақтан түсірді. 1,5 сағаттан кейін өзге рейске отырып, көздеген жеріме жетіп алдым.

Мен арандатушылыққа берілмей, барынша сабыр сақтауға тырыстым», - деп жазды Хабиб Нурмагомедов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, дағыстандық танымал спортшы қазіргі таңда Лос-Анджелесте өз командасымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам