Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Атышулы файтер Қуат Хамитов әншілік өнерімен көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

13.01.2025, 10:52

Спортшы ән шырқап, «Маска» шоуына қатысты

Атышулы файтер Қуат Хамитов әншілік өнерімен көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Видеодан кадр

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов «Маска» шоуына қатысып, көпшілікті таң қалдырды. Қарбыз бейнесінде шыққан аралас жекпе-жек шеберін қазылар алқасы бірден тани алмады.

Ол «Арнау» тобының репертуарындағы «Келші жаным» әнін орындады. Нақышына келтіре ән салған спортшының залда отырған көрермен де кәнігі өнер иесі деп болжаған еді. Алайда ол арнайы киімін шешкенде көпшілік таң тамаша қалды.

Аралас жекпе-жектің танымал спортшысы Қуат «Найман» Хамитов өткен жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді. Ол 6 раундқа созылған тартысты кездесуде қарсыласы Нұрберген Шәріповты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
 
Хамитов бұл жеңістен кейін WBC All Stars Boxing белдігін иеленді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам