ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Нұрсұлтан Орынбасар Шавкат Рахмоновтың күйеу баласы болудың қандай екенін айтты

16.01.2025, 11:07

Сара Рахмонова үйдің ең кенжесі, үш ағасы бар

Нұрсұлтан Орынбасар Шавкат Рахмоновтың күйеу баласы болудың қандай екенін айтты
әлеуметтік желі

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, джиу-джитсудан ҚР спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасарды көпшілік Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмоноваға үйленген соң тани бастады. Спортшы «БЕКА ТОМПИ» YouTube арнасына берген сұхбатында танымал аралас жекпе-жек шеберінің күйеу баласы болудың қандай екенін айтқан.

«Шынымды айтсам, Шавкат Рахмоновтың күйеу баласы болудың қалай екеніне не деп жауап беретінімді де білмеймін. Шавкаттан бөлек тағы екі ағасы бар, Сора үйдің төртінші баласы – кенжесі. Орал, Қобылан, сонан соң барып Шавкат. Алдымен ата-анамыз танысты, үлкендердің батасын алып, сосын той жасадық. Өздеріңіз білетіндей, Шавкат тойға қатыса алмады, себебі ол сол уақытта АҚШ-та UFC турниріне дайындалып жатқан, бірақ тілегін жеткізді. Ұзату мен үлкен тойға қатыса алмаса да, Шавкат тәтті шайға келді. Ал елдегі басқа ағайын-туыстың бәрі келіп, қуанышымызға ортақтасты. Шавкат тойдан соң екі-үш аптадан соң кездесуін өткізді. Спорт тәртіпті талап етеді. Әрі UFC деген үлкен ұйым», - деді ол.

Айта кетейік, спортшы қыз 2023 жылы тұрмысқа шыққан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам