ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Жанкүйерлер 5,5 жыл күткен Царукян мен Махачев жекпе-жегі өтпейтін болды

18.01.2025, 00:47

Бірақ, Ислам Махачев чемпиондық титулық бәрібір қорғайды

Жанкүйерлер 5,5 жыл күткен Царукян мен Махачев жекпе-жегі өтпейтін болды
Getty Images

Жанкүйерлер 5,5 жыл күткен жекпе-жек болмайтын болды. UFC-де жеңіл салмақтың чемпионы – қос ресейлік Ислам Махачев пен Арман Царукян арасындағы матч-реванш 19 қаңтарға жоспарланған болатын. Алайда, тура бір тәулік қалғанда Царукян аяқасты жарақат алып, төбелесуден бас тартты.

UFC 311 турнирі Астана уақытымен 19 қаңтар күні таңда Калифорния штатында (АҚШ) өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев өзінің чемпиондық титулын қорғамақ.

Махачев пен Царукян осыдан 5,5 жыл бұрын кездесіп, алғашқысы жеңіске жеткен еді. Екеуара реванш болатыны сол кезде-ақ айтылған. Дегенмен, UFC бұл жекпе-жекті өткізуге былтыр жыл соңында ғана шешім қабылдады. Енді Дана Уайт Царукянға тағы мүмкіндік бере ме, жоқ па – ол жағы белгісіз.

Есесіне UFC басшысы Махачевқа бірден жаңа қарсылас тауып берді. Ресейлік файтер бразилиялық Ренато Мойканомен төбелесетін болды. UFC рейтингінде 10-тұрған Мойканоға бұл – өте үлкен мүмкіндік, жеңіп кетсе өз салмағында әлем чемпионы атанады.

«Кеше түнгі бір шамасында бізге Арман Царукян хабарласты және арқасы қатты ауырып жатқанын, алдағы жекпе-жекте төбелесе алмайтынын айтты. Оның орнына Махачевпен Ренато Мойкано кездеседі деп шешім қаблдадық. Махачевтің өзіне хабарласқанымда: «бауырым, мен жауынгермін, кімді берсең сонымен төбелесемін» деп қысқа қайырды», - деді Дана Уайт.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам