Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін Макгрегордың командаласымен өткізеді

13.02.2025, 12:33

Канадалық файтер бірнеше турнирдің чемпионы атанған

Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін Макгрегордың командаласымен өткізеді
Jeff Bottari/Getty Images

UFC-де өнер көрсететін қазақ файтері Бекзат Алмахан келесі жекпе-жегін 10 мамырда өткізетін болды. Ол әйгілі Конор Макгрегордың командасында болған канадалық «жауынгер» Брэд Катонмен октагонға шығады.

Биыл мамырда Канаданың Монреаль қаласында UFC 315 турнирі өтетіні белгілі. Бекзаттың көптен күткен жекпе-жегі осы шоудың картында ұйымдастырылмақ.

Брэд Катон – The Ultimate Fighter турнирін екі рет жеңіп алған жалғыз файтер. Ол алдымен 2018 жылы Даниэль Кормьенің командасында топ жарса, 2023 жылы Конор Макгрегордың командасымен тағы да чемпион атанды. 

Сондай-ақ, Катон жеңіл салмақта Brave CF лигасында чемпион болған. UFC лигасында барлығы 7 жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жетті де, төртеуінде жеңілді.

Ал, Бекзат Алмахан болса UFC-дегі жалғыз жекпе-жегін әйгілі Умар Нурмагомедовке қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген болатын. MMA-да ол барлығы 13 жекпе-жек өткізіп, 11-де жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам