Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Интернетте жалаңаш фотосуреттерін сатып жүрген ару октагонда төбелесетін болды

29.12.2023, 12:49

Ол төбелескенді басқа істен жақсы көретінін жасырмайды

Интернетте жалаңаш фотосуреттерін сатып жүрген ару октагонда төбелесетін болды
Фото ашық дереккөзден

Америкалық Пейдж Ванзант аралас жекпе-жекке қайта оралатынын мәлімеді. Бұрын UFC-де өнер көрсеткен ару кейін OnlyFans сайты арқылы өзінің жалаңаш фотосуреттерін сатумен күнелтіп келген.

Соңғы рет Пейдж 2021 жылы AEW шоуы аясында төбелескен екен. Содан бері ол ақша табудың басқа жолын тапқан.

«Қазір мен жаттығудан ләззат алып, жаңа жекпе-жекке дайындала аламын. Осы процестен ләззат беретін ұшқын бойымда қайта пайда болса екен деймін. Мен ақша үшін немесе отбасым үшін төбелеспеймін. Жекпе-жексіз-ақ туған-туыстарыма көмектесе алам.

Қазір жасым небәрі 29-да. Мен үнемі басқа жұмыстармен айналысып жүріп тәжірибемді дамытып үлгермедім. Сондықтан, аралас жекпе-жекке қайта оралам деп шештім. Бәлкім жарты жылдан кейін, бәлкім бір жылдан кейін келесі кездесуім өтеді, уақытын барпкерлеріммен ақылдасып шешеміз. Маған төбелес ұнайды және осы салада үлкен жетістіктерге жеткім келеді», - деді Пейдж Ванзант MMA Fight тілшісіне берген пікірінде.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам