Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Батырдың биі»: әлеуметтік желіде Шавкат Рахмоновтың «Седая ночь» әніне билеген видеосы тарады

30.12.2023, 11:45

Қазақ спортшысы жуырда ғана қарындасы Сора Рахмонованы ұзатқан болатын

«Батырдың биі»: әлеуметтік желіде Шавкат Рахмоновтың «Седая ночь» әніне билеген видеосы тарады
Instagram

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың билеген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. ММА Dar Pro Team деп аталатын Instagram-парақшада жарияланған видеоға мыңдаған адам лүпіл басып, «батырдың биі» деген атау да беріп жатыр.

Аталған видеода атақты спортшы Юрий Шатуновтың «Седая ночь» әніне билеген. Ал, видео авторы «Жаңа жылдарыңызбен, Қазақстан» деп жазба қалдырған.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 17 желтоқсанда Лас-Вегаста америкалық жекпе-жек шебері Стивен Томпсонмен кездесу өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 2024 жылы ол чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлауда.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам